wordpress themes
|

Ұстазым менің,ұстазым!

Биыл мен төртінші сыныпты бітіремін. Бастауышпен қоштасып, жоғары сыныпқа жолдама аламын. Бастауыш түлегі үшін осынау бір айтулы дата қарсаңында төрт жыл бойы білім беріп, тәлімі мен тәрбиесін аямаған сүйікті ұстазым, сынып жетекшім Жансәуле Егдірова апайыма барлық сыныптастарымның атынан алғыс айтсам деймін.

Өйткені, жүрегі мейірімге толы менің ұстазым мадаққа да, марапатқа да лайық. Олай дейтінім, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған апайым — шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз. Әр оқушысын баласындай мәпелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген ардақты ұстаз. Кейде ойлаймын, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сірә, менің ұстазыма арналған болар деп. Өйткені, кезінде Жансәуле апайым қанаттандырған шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жауапты қызметтерді абыроймен атқарып жүр. Бірі — депутат, бірі — инженер, енді бірі — ұстаз. Бәрі де өз ісінің білікті мамандары. Ел ертеңі үшін осындай парасатты мамандар тәрбиелеп шығарған ұстазымды сол үшін де мақтан тұтамын! Жансәуле апай! Біз, сіздің шәкірттеріңіз, қашанда сіздің үмітіңізді ақтауға, берген тәрбиеңізден таймауға тырысамыз! Ұстаздық жолда талмай, шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

Құрметпен, Гүлназым АТАМҰРАТҚЫЗЫ,
Кенбай орта мектебінің 4 «б» сынып оқушысы, Сағыз селосы,
Қызылқоға ауданы, Атырау облысы.

  1. вавыапывп

    Биыл мен төртінші сыныпты бітіремін. Бастауышпен қоштасып, жоғары сыныпқа жолдама аламын. Бастауыш түлегі үшін осынау бір айтулы дата қарсаңында төрт жыл бойы білім беріп, тәлімі мен тәрбиесін аямаған сүйікті ұстазым, сынып жетекшім Жансәуле Егдірова апайыма барлық сыныптастарымның атынан алғыс айтсам деймін.
    Өйткені, жүрегі мейірімге толы менің ұстазым мадаққа да, марапатқа да лайық. Олай дейтінім, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған апайым — шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз. Әр оқушысын баласындай мәпелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген ардақты ұстаз. Кейде ойлаймын, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сірә, менің ұстазыма арналған болар деп. Өйткені, кезінде Жансәуле апайым қанаттандырған шәкірттер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жауапты қызметтерді абыроймен атқарып жүр. Бірі — депутат, бірі — инженер, енді бірі — ұстаз. Бәрі де өз ісінің білікті мамандары. Ел ертеңі үшін осындай парасатты мамандар тәрбиелеп шығарған ұстазымды сол үшін де мақтан тұтамын! Жансәуле апай! Біз, сіздің шәкірттеріңіз, қашанда сіздің үмітіңізді ақтауға, берген тәрбиеңізден таймауға тырысамыз! Ұстаздық жолда талмай, шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

  2. мен бүгін 11 сынып бітірейін деп үлкен өмірге аяқ басқалы отырмын мен өзімнін аяулы ұстазым Фарида Жанбатырқызы мен сүйікті сынып жетекшім Самал Қайратқызына барлық сыныптастарым атынан алғысым айтамын. Өйткені Ұстаздарымыз бізге өздерінің білетін нарсесін бізге үйретті. Жамандық пен жақсыны тани білдік. Самал апай! Біз шәкірттеріңіз, қашанда сіздің үмітінізді ақтауға, берген тәрбиеңізден таймауға тырысамыз! Ұстаздық жолда талмай, оқушыларыңыздың алғысына бөлене беріңіз! И/т: 2012 жас түлектері

Соңғы пікірлер

  • Майдаш Әлиева: Құрметті Қайрат Жолдыбайұлы.Мені бір сұрақ мазалайды.Алматы қаласына Түркиядан бір “бәрін біле...
  • Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлы: Мен 1957 жылдан 1985 жылға дейін Арал ауданы Райым колхозында тұрдым. 1985 жылдан...
  • Шынар Айтакова: Оте тамаша орындаушыда жаксы орындайды Журектен шыккан жырларыныз Журектерге жете берсін Калкаман ага!
  • дана: неге барлыгы жумыс туралы кудайым ау?
  • Никки: дәл осылай жасай алмайтын шыгармын……..